$ 443.85  474.3  4.8

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күндіз кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Нақтырақ, айтқанда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. 

Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары