Жамбыл ауылында үш жасар бала қызылша ауруынан қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баланы емдеген медициналық мекемелерге жоспардан тыс тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Time.kz хабарлауынша, Жамбыл ауылынан келген бала 12 желтоқсанда қайтыс болды. Балада аурудың алғашқы белгілері 5 желтоқсанда пайда болған. "Зеленка" жағып, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін баланың аяқтары ауырып, ауруханаға жедел жеткізілді. Бірақ дәрігерлер баланың өмірін аман алып қала алмады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова Facebook-парақшасына Елжан Біртанов нәрестенің қайтыс болу фактісі бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, ауруханаларды жоспардан тыс тексеруді тапсырғанын жазды.
«Желшешек ауруы диагнозы қойылған балаға қалай медициналық көмек көрсетілгенін тексереміз», - деп атап өтті төрайым.
Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
«Қалған ақпарат комитеттің қорытындысы шыққаннан кейін ғана болады», - деп агенттік құрғақ пікір білдірді.