$ 494.87  520.65  4.91

«Үкімді әділетсіз деп санайды»: Оңтүстік Кореяда істі болған қазақстандыққа қатысты сот шешімі шықты

Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім берген жоқ.
Фото: bfmufa.ru
Фото: bfmufa.ru

Кореяда сот 7 жасар баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматқа үкім шығарды. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Хабар 24.

 Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім берген жоқ. Олардың айтуынша, ем-домға 60 миллионнан астам вон жұмсаған, бұл шамамен 50 мың доллар. Сондай-ақ, баласына күтім жасау үшін әкесі мен анасы жұмысын тастауға мәжбүр болды. Еске сала кетсек, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болған еді.

 Кореяда заңсыз жүрген және көлік жүргізу куәлігі болмаған отандасымыз апат орнынан қашып кетіп, келесі күні елден ұшып кеткен болатын. Оның адвокаты Чой Хак Се шығарылған үкімді әділетсіз деп санайды. Айтуынша, бала жолды рұқсат етілмеген жерден өткені дәлелденді. Оған қоса, сотталушы көлікті тоқтатып, балаға көмек көрсетіліп жатқанына көзі жеткеннен кейін ғана жүріп кеткен.  

"Біз апелляция беріп, жәбірленуші жақпен келісуге ниеттіміз. Бәлкім баланың денсаулығы қалпына келсе, ата-анасы өз шешімін өзгертер. Қорғалушым жәбірленушінің емге жұмсаған шығынын өте алмайды. Себебі бұл өзгені айтпағанда, Корея азаматтары үшін де қомақты қаржы", - сотталушының адвокаты Чой Хак Се.

Еске салсақ, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болды.Апатқа кінәлі азамат Оңтүстік Кореяға ерікті түрде оралып, жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған еді. Ер кісіні Инчхон әуежайынан полиция өкілері алып кетті. Көлік қағып кеткен баланың әкесі ұлының жағдайы туралы айтып берген болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары