Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары ел президенті Эмомали Рахмонды өмірінің соңына дейін президент етіп қалдыру бастамасын қолдайды. Халық қалаулылары күні кеше Конституцияға осынау өзгерісті енгізу туралы референдумды бекітті деп жазады ТАСС.
Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол Конституциялық сотқа жолданды.
Қазірдің өзінде саясаттанушылар елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан Э.Рахмоннан кейін президенттік таққа оның ұлы Рустам Рахмон болады деп болжап отыр. Себебі, жаңа заң бойынша ендігі президент 30 жастан бастап сайлауға түсе алады. Ал, оның ұлы биыл 29 толмақ. 2013 жылы қайта сайланған президент билікті биыл елдің жемқорлықпен күрес агенттігіне басшы болып тағайындалған ұлына ұстатады деген сыбыс бар.