Атырауда жанармай тасымалдайтын жүк көлігі жарылып, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов.
Аталған қайғылы оқиғаны ең бірінші болып куәгерлер хабарлаған. Олардың бірі өртеніп жатқан көлікті бейнекамераға түсіріп үлгеріпті.
ТЖК-ның ресми өкілі хабарлағандай, 23 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Атырауда жанармай тасымалдайтын көліктің цистернасында дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқан тұста ұшқыннан жарылыс болған. Артынша көлік қызыл жалынға ораныпты. Өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде өртті ауыздықтағанын айтып отыр.
Жарылыс салдарынан 1962 жылы туған жұмысшы көз жұмды. Өртті 7 адам сөндірген.