Аралас жекпе-жек (MMA) файтері моңғолиялық Шинечагтга Золтсетсег қытайлық Ма Я Веньді One Championship 106 турнирінде нокаутқа түсірді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Жекпе-жекті ұйым Twitter-дегі ресми парақшасына жариялады.
Қытайлық спортшы 55-ші секундта қарсыласынан ауыр соққы алады. Жерге құлаған ол төрешінің аяғына жармасып, әдіс жасамақ болды.
Аяққа мұндай әдіс жасауға бразилиялық джиу-джитсу турнирлерінде тыйым салынған. Өйткені адам өміріне қауіпті.