12.01.2020, 12:40

Қазақ-қырғыз шекарасында елшілік қызметкерінің алаяқ әйелді шығармақ болғаны рас па? – министрліктің жауабы

Фото: zhampoz
Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналы қызметкерімен болған жағдайды растаймыз.

Кеше БАҚ-та "қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналының қызметкері ұсталды" деген ақпарат тараған болатын. Ол алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық әйелді дипломатиялық нөмірі бар автокөлікпен шекарадан шығармақ болған көрінеді. Алайда, елшілік қызметкерін ешкім ұстамағанын нақтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметкері шекарада ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды.Ведомства өкілінің мәлідемесіне сүйенсек, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"10 қаңтарда қырғыз тарапында "Ақ жол – Қордай" мемлекеттік шекарасының бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналы қызметкерімен болған жағдайды растаймыз. Қазір қырғыз тарапымен бірлесіп бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы толық мағлұмат кейінірек хабарланады.