13.01.2020, 10:40

Филиппинде мыңдаған адам жанартау атқылауына байланысты эвакуациялануда (ВИДЕО)

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет болған жоқ.

Филиппиннің астанасы Манилада тұрғындарын Лузон аралындағы жанартау атқылауынан кейін эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды telegraf.com-ға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы South China Morning Post хабарлайды.

«Филиппин астанасының оңтүстігінде орналасқан жанартау жексенбіде атқылады, сондықтан жергілікті әуежайда рейстер тоқтатылып, жақын маңдағы мыңдаған ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр», - дейді жергілікті билік өкілдері.

6 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет болған жоқ. Жергілікті билік тұрғындарға қорғану үшін маска киюге кеңес берді.