$ 494.87  520.65  4.91

Алты жасар бала Gelandewagen мініп жүр

Әкесі баласының қауіпсіздігін ескеруі керек еді.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда 6 жасар ұлына көлік айдауға рұқсат беріп, баласының әрекетін видеоға түсірген әке жауапкершілікке тартылды. Ол баласына Gelandewagen маркалы автокөлікті тізгіндеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Полицейлер заң бұзу фактісін әлеуметтік желі арқылы білген. Әуелде әкесі баласының қымбат көлікті айдағанын видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Оның бұл әрекеті жазылушылары көп аккаунттарда тарала бастайды. Әкесі мен ұлы 2019 жылы 20 қарашада "Нижняя Пятилетка" аумағында көлік жүргізген. 

"Кәмелетке толмаған баланың көлікті оқу полигонында тізгіндегеніне қарамастан, баланың өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын ескерген жөн. Әкесі баласының қауіпсіздігін ескеруі керек еді. Азамат Ш. осы заңбұзушылықпен келісті, алдағы уақытта ұлына тізгінді бермеуге уәде берді. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 5-бөлігінде ("Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы") көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы жағдайды пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кезекті рет шақырамыз, бұл - жолдағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі", - деді қалалық ПД басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары