$ 449.58  486.94  4.86

«Солармен бірге өртеніп кеткенім жақсы еді» - ешқашан ұялмаған генерал

ISNA агенттігінің дерегіне сүйенсек, Иран парламентінде сөйлеу барысында Салами Украина лайнерін атып түсіріп, өрескел қателік жасағандықтарын мойындаған.
Фото: ca-irnews.com/ru
Фото: ca-irnews.com/ru

Зымыранмен атып түсірілген ұшақ апаты үшін Иран мемлекетінің Ислам революциясы сақшылары корпусының генералы Хосейн Салами украиндықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

ISNA агенттігінің дерегіне сүйенсек, Иран парламентінде сөйлеу барысында Салами Украина лайнерін атып түсіріп, өрескел қателік жасағандықтарын мойындаған.

"Мен өмірімде дәл бұлай ешқашан ұялып көрмеппін. Біз қателік жіберген шығармыз, соның кесірінен отандастарымыз бақилық болды. Бірақ, біз әдейі істеген жоқпыз. Сондықтан кешірім сұраймыз. Ұшақта өзім болып, солармен бірге өртеніп кеткенім жақсы еді. Әуелі Құдай, содан кейін Иран халқы және қаза болғандардың отбасылары бізді кешірсін!", - деді қатты ұялған генерал. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы 8 қаңтарда таңертеңгі уақытта Тегеран әуежайынан ұшып шыққан украиналық "Boeing 737-800" лайнері апатқа ұшырап, борттағы барлық адам қаза тапқан болатын. Тегеран 11 қаңтарда ресми түрде Украина ұшағын зымыранмен байқамай атып түсіргенін мойындаған еді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары