$ 444.32  473.33  4.76

Шымкенттегі жылы ауа райы 28 қаңтарға дейін сақталады

Шымкентте қыс басталғалы жергілікті тұрғындар дұрыстап қар көрген жоқ. Желтоқсаннан бері ОҚО орталығында небәрі 3-4 рет қар жауып, ол екі күнге жетпей еріп кетіп жатты. Ал, қазір бірнеше күннен бері шаһарда көктемгі ауа райы сақталуда. Нәтижесінде кей ағаштар бүршік жарып, ерте көктемде гүлдейтін гүлдер оянып жатыр.

Синоптиктер болса 28 қаңтардан бастап күн суытатынын айтуда. Қазіргі +15+18 градустық жылылықты 0 градустық салқын ауа райы алмастырады. Мұнан кейін апта соңына қарай -5 градус аяз орнап, қар аралас жаңбыр жауады және көктайғақ болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары