ОҚО Сарыағаш ауданының полицейлері 7 жыл бұрын жеке кәсіпкерді тонап, 50 келі алтынды алып кеткен қарақшыларды әлі тапқан жоқ. Кәсіпкерге келген шығын көлемі 3 млн долларды құраған деп хабарлайды TVK телеарнасы.
Жапа шеккен Убайда Насырова ол кезде базарда алтын сатумен айналысыпты. 2009 жылы таңертең үйіне баса-көктеп кірген қарақшылар ұлын ұрып-соғып, кәсіпкер әйелдің бар жиған алтынын үлкен сөмкеге салып әкеткен.
Қарақшылар тонап жатқан сәтте үйге отағасы мен үлкен қызы келіп қалған көрінеді. Қылмыскерлер оларға қарата оқ жаудырыпты, абырой болғанда жараланған ешкім жоқ.
Кәсіпкер әйелдің сөзінше, кейінірек ұрланған алтындар базардан табылғанымен екен. Алайда, сатушы оларды қайдан алғанын айта алмаған. Полиция тергеу амалдарын әлі жүргізуде.