$ 494.87  520.65  4.91

Туыстарының өтінішімен Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты қосымша сараптама жүргізілді

Ол 13 желтоқсанда үйінің кіреберісінен қол-аяғы байлаулы, ал арқасы қан әрі былғанған күйі табылған.
Фото: vrk.news
Фото: vrk.news

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Еламан Жолдасовтың қазасы бойынша Қазақстан тарапы қосымша сараптама жүргізіп жатқанын айтты. Бұл шешім марқұмның туыстарының өтініші бойынша тағайындалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Әріптесіміз Еламан Жолдасовтың денесі 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанға жеткізілді. Туыстарының өтініші және біздің ұсынысымыз бойынша қазақстандық сарапшылар қосымша сараптама жүргізді. Енді біз қазақстандық сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз", - деді Смадияров.

Естеріңізде болса, елшінің денесі Түркістан өңіріндегі туған ауылына жерленді.

 Еламан Жолдасов 2019 жылы 17 желтоқсанда Каирде қайтыс болды. Марқұмның туысқан әпкесінің айтуы бойынша, ол 13 желтоқсанда үйінің кіреберісінен қол-аяғы байлаулы, ал арқасы қан әрі былғанған күйі табылған. Сонымен қатар, ол прокуратура өз-өзіне қол жұмсау туралы болжамды қарастырып жатқанын, бірақ онымен марқұмның туыстары келіспейтінін айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары