$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеге қарасты ауылда туберкулез жұқтырған мұғалімдер саны көп болуы мүмкін (ВИДЕО)

Бесқоспа ауылында қазір ауданнан арнайы келген мамандар жүр. Олар індетке шалдыққан мұғалімнің жұмыс орны мен үйін дезинфекцияламақшы.

Ақтөбеде бүтін бір елді мекен үрей құшағында отыр. Алға ауданы Бесқоспа ауылының тұрғындары мектептің мұғалімі туберкулезге шалдыққанын жақында білдік дейді. Әрі ұстаздардың індетке шалдыққаны бірінші рет емес. Осыдан үш жыл бұрын мұғалім ауырып, емделіп шыққанын айтты. Осыдан кейін тиісті мекемелер дереу шара қолданбаса, ауылды дерт жайлай ма деп отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бесқоспа ауылында қазір ауданнан арнайы келген мамандар жүр. Олар індетке шалдыққан мұғалімнің жұмыс орны мен үйін дезинфекцияламақшы.

Ал мектепте сабақ әдеттегідей жалғасып жатыр. Басшылықтың өзі мұғалімнің туберкулезге шалдыққанын желтоқсан айының аяғында біліпті. Жүкті келіншек бұған дейін ауырып жүргенінен өзі де бейхабар болған деп отыр. Туберкулез анықталған соң, мектеп директоры дереу аудандық білім бөліміне хабарлаған. Санитар мамандар келіп мұғалім дәріс оқыған кабинеттерді дезинфекциялапты. Қазір де күніне бірнеше мәрте еденді хлорлы сумен сүртіп алып отыратындықтарын айтты. Жауапты мекемелер карантин жариялауға негіз жоқ дегеннен кейін оқу процесін үзбеген.

"Анонимный арызбен хабар келді. Арызда көрсеткен 20 мұғалім бұл мектепте туберкулез деп. Ешқандай жиырма мұғалім емес. Бізде үш мұғалім 6 техқызметкер жаңағы, олардың барлығы басым көпшілігі, тек екеуі соңғы үш жылда ауырған. Қалғандары жиырма жыл, он бес жыл бұрын ауырып, мектепте техызметкер, біреуі жұмысшы болып жасап істеп жүр", - деді мектеп директоры Рүстем Қожаниязов.

Соңғы екі-үш жылда туберкулез дерті анықталғандықтан, алты ай сайын мұғалімдері бар,оқушылары бәрі медициналық тексеруден өтіп тұрады екен. Манту екпесі салынып, флюрографиядан өтеді. Мектептің директоры індет таралып кететіндей еш қауіп жоқ деп сендірді. Ал ата-аналар болса, бәрібір алаңдаулы.

"Балам оқиды, конечно алаңдаймын. Жұқпайды деп айтып кетті. Білмеймін,оны енді Алла біледі. Қалай айтып тұрғандарын. Сосын мұғалімдер ауырып жатыр пневмониямен дейді. Оның не екенін, салқын тиген деп жатыр ғой. Дезинфекция жасады дейді, мектепті жауып жасау керек ғой. Ал бұл жақта не жасап жатқанын білмейміз. Олардың кемшілігі- айту керек еді халыққа, ескерту керек еді. Енді бізді сендіргеннен кейін сеніп тұрмыз. Қауіп жоқ, алаңдамаңыз дегеннен кейін", - деп қынжылды Бесқоспа ауылының тұрғыны Нұрлыбек Балымбетов.

Ауылдықтар жандайқайына әкім-қаралардың жүрдім-бардым қарайтынына алаңдап, аноним хатты облыс басшылығына жолдаған. Үшбу хатта соңғы жиырма жылда мектептің бірнеше мұғалімі мен қызметкері құрт ауруын жұқтырғанын, бұл мәселені жылы жауып қоя берсе, балаларымыздың күні не болмақ депті. Дереу облыстан комиссия келіп, ауылдықтармен кездесу өткізген.

"Облыстық ауруханада ем алып жатыр, жаңдайы жаман емес, зертхананың берген анализі, туберкулез бактерияларының жұқпайтын түрі. Мектепте болған оқушылардың барлығын тексерістен өткіздік. Жұмысшылардың бәрін тексердік, 178 адам, үйінде болған отбасы мүшелерін тексердік, ешқандай туберулезге қатері бар белгі болған жоқ", - деді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.

Бесқоспада 80 үй бар. Мектепте 100 оқушы білім алады. Олардың 15 жасқа дейінгілеріне манту сынамасын салып, жоғары сыныптағыларды флюорографияға түсіріп жатыр. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердегілер ешкімнен жаман нәтиже анықталған жоқ деп отыр.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#туберкулез