14.01.2020, 10:40

Болашақ судьялар Германияда ішіп-жеп көңіл көтерді (ВИДЕО)

Мына видеоға қарасақ, ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына  "Hochschule Wismar – University of Applied Sciences" оқу орнында өткізген халықаралық екі апталық іс-тәжірибесі көңілді болған сыңайлы.

Болашақ қазақстандық судьялардың Германиядағы іс-тәжірибелері қандай өтті? Әлеуметтік желілерде тараған видеоға сүйенсек, олар бұл жерде өте көңілді уақыт өткізген секілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, VRK.News-ке сілтеме жасап.

Негізінен магистранттардың іс-тәжірибе бағдарламасы соттарда және сот ісін жүргізудің барлық түрлерімен танысуды қамтамасыз етуге бағытталады. Практикадан өту барысында магистранттар аудандық соттардың құрылымы мен мазмұнымен танысып ғана қоймай, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу материалдарын дайындайды және сынайды, әртүрлі санаттағы істер бойынша сот процестеріне қатысады.

Ресми түрде, халықаралық тағылымдаманың мақсаты - кәсіби білім мен дағдыларды игеру, шоғырландыру және жетілдіру, кәсіби шеберлікті арттыру, Еуропалық Одақ елдерінің, атап айтқанда Германияның құқықтары қағидаларымен және Германиядағы соттар мен судьялардың жұмыс әдістерімен танысу керек.

Қазақстандық магистранттар Германияда немен айналысты? Оқу және практика кезінде алкогольді ішімдік ішіп, үстел басында көңіл көтеріп, шулау керек пе?

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы "BASE" YouTube каналында 2020 жылдың 13 қаңтарында жарияланған видео материалдарды зерделеу және қарау үшін комиссия құрылғанын хабарлады.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» ҚР-ның заңына сәйкес, 25 жасқа толған, жоғары заң білімді, жоғары моральдық нормалар мен мінсіз беделге ие және ҚР-ның азаматы болу керектігі белгілі. Әдетте, сот отырысының хатшысы, соттың кеңесшісі (көмекшісі), прокурор, адвокат немесе заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі болуы қажет.

Судья лауазымына үміткер біліктілік емтиханын тапсыруы керек, ал мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқу бітірген күннен бастап төрт жыл ішінде емтихан тапсырудан босатылады. Сонымен қатар, үміткер негізгі жұмыс орнынан бөлініп сотта бір жылдық ақылы тағылымдамадан өтіп, соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алуы керек (оқуды бітіріп, мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған адам оқу бітірген күннен бастап төрт жыл тағылымдамадан босатылады). Үміткерлер полиграфиядан да өтеді.

Енді, видеода көрсетілген судьялыққа үміткерлер полиграфиядан  қалай өтеді? Өйткені, олардан қазірдің өзінде "мінсіз беделдің иісі шықпай тұр" емес пе?