Жаңалықтар 15.01.2020 сағат 09:40

Барселонаның бас жаттықтырушысы ауысты

Сондай-ақ, кәсіби шеберлігі үшін маманға өз алғыстарын білдірді.
Барселонаның бас жаттықтырушысы ауысты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Барселона" футбол клубы басшылығы Эрнесто Вальвердені қызметінен босатты. Оның орнына испандық маман Кике Сетьенді тағайындады.

Каталондық клубтың ресми сайты хабарлағандай, команда мен жаттықтырушы өзара келісім бойынша жұмыстарын тоқтатқан. Сондай-ақ, кәсіби шеберлігі үшін маманға өз алғыстарын білдірді. 

"Клуб Эрнесто Вальвердеге жұрт алдында кәсіби шеберлігі, мақсатты орындай білуі мен өз ісіне жауапты маман болғаны үшін зор алғыс айтады. Болашақта оған сәттілік пен табыс тілейміз", - деп жазды клуб ресми хабарында.

Эрнесто каталондық клуб тізгінін 2017 жылы ұстаған. Екі рет Испания чемпионы атанды. Одан өзге Испания Суперкубогы мен кубогын жеңіп алды. Ал Чемпиондар лигасында бір рет 1/4, бір рет жартылай финалда сүрінді. 163 рет команданы алаңға бастап шығып, оның 108-де жеңіске жетті. 35 рет тең ойнап, 20 рет ұтылған.

"Барселона" жаңа жаттықтырушы Кике Сетьенмен 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Испандық маманның ең кейінгі жаттықтырған командасы – "Бетис". Бұл клуб Испания чемпионатының 2017/2018 жылғы маусымында 6-орын алған. Ал өткен маусымда ел кубогының жартылай финалына дейін жеткен. 

Сондай-ақ Кике "Расинг", "Поли Эхидо", Экваторлық Гвинея құрамасы, "Логроньес", "Луго" және "Лас-Пальмас" клубтарында қызмет атқарған. Қазіргі таңда каталондық клуб Испания чемпионатының 19 тур ойындарынан кейін 40 ұпаймен бірінші орында келеді. Мадридтің "Реал" клубында да 40 ұпай бар. "Корольдік клубтан" қосымша көрсеткіштер бойынша ғана алда тұр.

Дереккөз: Massaget.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар