Павлодарда белгісіз адам тепловоздың доңғалағына мыжылып қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлер жанталасқанымен, оның өмірін аман алып қала алмады.
Төтенше жағдай кеше таңертең жеке қалашықтың маңындағы станцияда болды. Өлі денені шығару үшін құтқарушылар 100 тоннадан артық салмақты тепловозды көтеруге мәжбүр болды. Куәгерлердің айтуынша, марқұм қозғалыссыз тұрған жүк вагондарының астымен өтіп кетпекші болған. Сол мезетте тепловоз қозғалып, жігітті езіп кетті. Полиция қайтыс болған азаматтың кім екенін анықтап жатыр.
"Жедел жәрдем бригадасы жеті минуттан кейін келді. Құтқарушылар азаматтың денесін шығарған кезде дәрігерлер оның бақилық болғанын анықтады. Ер азаматтың кім екендегі беймәлім, шамамен жасы 40-тарда, түр-әлпеті еуропалыққа келеді", - деп мәлімдеді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Мақпал Қаржаубай.