$ 494.87  520.65  4.91

«Bek Air компаниясы заңға сәйкес жолаушыларға билеттің құнын толық қайтарып беруге міндетті» - IATA

Егер екі тараптың бірі шарттың талаптарын орындамаса, онда Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес, екінші тарап әділет органдары арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға құқылы.
Фото: Kapital.kz
Фото: Kapital.kz

Z9 жеке сәйкестендіргіші (коды) қазіргі уақытта  Bek Air әуе компаниясына тиесілі, деп хабарлайды Халықаралық Әуе Көлігі Қауымдастығы (IATA). Бұл туралыҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпарат порталы жазады.

Айта кету керек, Z9 коды Bek Air рейстеріне сатып алынған билеттерді қайтару жұмысына әсер етпейді.

Анықтама үшін:

IATA авиакомпаниясының коды - IATA тағайындаған 2 немесе 3 таңбалы жеке идентификатор. Бұл код IATA № 762 қаулысына сәйкес бөлінген. Авиакомпания кодтарын билеттерді брондауды жүйелеу және басқа компаниялардан сатып алынған билеттерді реттеу мақсатындағы ақпаратты тарату үшін қолданады.

Bek Air рейстері уақытша тоқтатылғаны бәріңізге мәлім. Осыған орай, тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді сатып алған жеріне қайта өткізу арқылы билеттің құнын толықтай қайтара алады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығы бойынша "Жолаушыларды, багажды және жүкті әуе көлігімен тасымалдау" ережелеріне сәйкес жолаушының шарттармен танысқанын растайтын құжат тасымалдау билеті болып табылады. Өйткені олар авикомпания мен жолаушы арасында келісім жасасқан.

Егер екі тараптың бірі шарттың талаптарын орындамаса, онда Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес, екінші тарап әділет органдары арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға құқылы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары