$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев кей шенеуніктерді секіріп жүретін шегірткеге теңеді

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде демократия принциптері үнемі сақтала бермейтінін атап өтті.
Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz

Ақордада президент резерві мүшелері Тоқаевпен кездесті. Президент жиын кезінде соңғы жылдары мемлекеттік аппаратта бес жүзге жуық өзгерістер болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан президенті соңғы уақытта мемлекеттік аппаратта жиі болып жатқан қайта құрудың мемлекеттік органдардың жұмысына оң әсер етпейтінін айтты.

"Ведомстволар мен бөлімшелердің басшылары шегіртке сияқты бір қызметтен басқасына секіріп жүр. Сол себепті, Қазақстанға қоғамның талаптарына жауап беретін тиімді әрі әділ мемлекеттік басқару моделі қажет", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде демократия принциптері үнемі сақтала бермейтінін атап өтті.

"Әлі күнге дейін қызметте таныс және ықпалды қамқоршылар арқылы көтерілу жағдайлары кездеседі. Бұл шындық қой. Мұны бәріміз де білеміз. Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйені қатаң сынға алып, анализ жүргізген жөн. Қоғамның пікірін де ескеру қажет", - деді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары