15.01.2020, 18:00

Беларуссия Қазақстанға алақан жайып отыр

Фото: faktiler.kz
Н.Ноғаевтың айтуынша, Беларусь делегаттарының сапары 20 қаңтарға жоспарланған.

Қазақстанның Энергетика министрлігіне белоруссиялық «Белнефтехим» концернінен мұнай жеткізуге сұраныс түсті. Бұл ақпаратты Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біздің министрлікке «Белнефтехимнің» өтініші келді. Ол елдің өкілдері жеткізілімдерді талқылау үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта біз мұнайды әртараптандырылған бағыттарға жеткізіп жатырмыз және Беларусь тарапының ұсынысын қарастырамыз», – деді Ноғаев мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Н.Ноғаевтың айтуынша, Беларусь делегаттарының сапары 20 қаңтарға жоспарланған.

Еске сала кетейік, Ресей мен Беларусь жанар-жағармай жеткізу туралы келісе алмады. Осыдан кейін Республика Президенті Александр Лукашенко Минск мұнай жеткізу мәселесімен Мәскеумен келіссөздерді тоқтататынын және жанармайдың балама көздерін іздейтінін мәлімдеген.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Беларуссияның екі МӨЗ-не мұнай жеткізілімін тоқтатты.