Словакияның Қазақстандағы экс-елшісі, 53 жастағы қазақстандық кәсіпкер Марат Сабалақов қайтыс болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы жергілікті eldia.es басылымына сілтеме жасап.
Алматы қаласының тұрғыны Аликантедегі жалға алынған де ла Нусия вилласының бағынан өлі күйінде табылды. Кәсіпкердің денесін бағбан тапқан.
Белгілі болғандай, Сабалақов жалғыз тұрған.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ азаматтық күзет пен жергілікті полицияның бірнеше патрульдері шақырылды.
Қайғылы оқиға болған жерге келген жергілікті тәртіп сақшылары адам өлтіруді тергейтін мамандардың қатысуын талап етті.
Испан басылымының ақпаратына сәйкес, Марат Сабалақовтың жансыз денесі баспалдақтың түбінде жатып қалған. Нұсқалардың бірі - бұл жағдайды оқыс оқиға ретінде баяндайды, яғни баспалдақтан құлау.
Алайда басынан біреу ұрған деген де нұсқа бар, өйткені қанның іздері тек өлі дененің анйаласында емес, үйдің ішінде де бар. Сол себепті бұл жағдай кісі өлтіру болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Кезекші судья мәйітті өлі денені зерттейтін Аликанте заң медицинасы институтына тапсырды.
Тергеушілер тонау нұсқасын қарастырмайтын болып шешті, өйткені есікте бұзып кіргеніне қатысты айғақ жоқ.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Испанияда Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растады.
«Испания полициясы Қазақстан азаматы қайтыс болды деп хабарлады. Қазір консул барлық жағдайды анықтау үшін сол жерге кетті », - деп түсіндірді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.