Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қамауға алынды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің ресми сайтына сілтеме жасап.
“Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда” делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы хабар тараған еді.