$ 447.4  477.55  4.76

Атыраудағы мектептердің біріне бомба қойылғаны рас па?

Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары Атыраудағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«102» қызметіне қаладағы №27 орта мектепте бомба бар деген ақпарат кеше түскен болатын. Мектептегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды. Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мектепке жедел жәрдем көлігі келді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бүгін хабарлағандай, мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмаған.

Заң бойынша жалған ақпарат берген адамның жасы кәмелетке толған болса, оны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бомба