$ 494.87  520.65  4.91

Сәтпаев қаласында көршісі үш жасар қызды 15 жерінен пышақтаған: іс сотқа жолданды

Сондай-ақ, сот үлкен баласын тәрбиелеу құқығынан қайтыс болған қыздың ата-анасын айырған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сәтпаев қаласындағы үш жасар қыздың өліміне қатысты іс сотқа жолданды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Баланың ата-анасы көршісін кінәлап отыр. Өйткені баланы көршісінің қарамағына тастап кеткен. Белгілі болғандай, қыз бала көршінің DVD-ойнатқышын лақтырып ойнап, оның ашуына тиген.

Тергеушілердің айтуынша, жауыз көрші дәрменсіз қызды 15 жерінен пышақтаған. Сондай-ақ, ол арам ойын аяқтау үшін қолындағы затын өткір нәрсеге ауыстырған.

Әйел мас болғанын жоққа шығармады. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, сот үлкен баласын тәрбиелеу құқығынан қайтыс болған қыздың ата-анасын айырған. Қазір ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары