Сәтпаев қаласындағы үш жасар қыздың өліміне қатысты іс сотқа жолданды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Баланың ата-анасы көршісін кінәлап отыр. Өйткені баланы көршісінің қарамағына тастап кеткен. Белгілі болғандай, қыз бала көршінің DVD-ойнатқышын лақтырып ойнап, оның ашуына тиген.
Тергеушілердің айтуынша, жауыз көрші дәрменсіз қызды 15 жерінен пышақтаған. Сондай-ақ, ол арам ойын аяқтау үшін қолындағы затын өткір нәрсеге ауыстырған.
Әйел мас болғанын жоққа шығармады. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, сот үлкен баласын тәрбиелеу құқығынан қайтыс болған қыздың ата-анасын айырған. Қазір ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.