$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Жаһандық инновациялық индекс рейтингісінде 5 сатыға көтерілді

Қазақстан «The Global Innovation Index» Жаһандық инновациялық индексі рейтингісінде өз позициясын өткен жылмен салыстырғанда 5 сатыға жақсартты, деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ.

«Қазақстан Жаһандық инновациялық индекс көрсеткішінде жоғары көтеріліп, 2014 жылы 5 орын 79-ыншы орыннан көрінген. Орта Азия мен Оңтүстік Азия елдері арасында өңірлік классификация бойынша Қазақстан Үндістан мен Бутанның ортасында 2 орында орналасқан», делінген хабарламада.

INSEAD (Франция) халықаралық бизнес мектебі Корнелл университетімен және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен 2014 жылдың 18 шілдесінде «The Global Innovation Index» жаһандық инновациялық индекс көрсеткіші нәтижесін жариялады.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің хабарлауынша, 2014 жылы зерттеуге 143 қатыстырылды. Олар әлемдегі ЖІӨ көлемінің 98,3%-ын шығарып, онда жер бетіндегі халықтың 92,9%-ы өмір сүреді. Көрсеткіштің ең басында Швейцария, Ұлыбритания және Швеция мемлекеттері орналасқан.

Еске сала кетсек, жаһандық инновация индексі (ЖИИ) 2007 жылдан бастап өткізілуде, қазіргі таңда әлем елдерінің инновациялық даму көрсеткішінің бірден бір өлшемі болып табылады.

ЖИИ әлем елдерінің инновациялық сипаттарын анықтайтын 81 көрсеткіштен тұрады. Соның ішінде онда «Иелігіндегі ресурсы ен инновация жүргізу шарттары» (Innovation Input) және «Инновация жүргізудегі қол жеткізген тәжірибелік жетістіктері» (Innovation Output) бойынша бағаланады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары