$ 494.87  520.65  4.91

Мейірбикені үйіне шақырып зорлаған ауыл тұрғынына қатысты сот үкімі шықты

Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын тағайындалды.

Ауырып жатқанын айтып, мейірбикені үйіне келіп система салып беруге шақырып зорлаған күдіктіге қатысты сот үкімі  шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Еуразия 1"-ге сілтеме жасап. 

 Бұл оқиға Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында болған.

"Ер азаматқа ҚР ҚК-нің 120 бабы 2 тармағы "Кісі өлтіру қаупі бар зорлық әрекеті" бойынша үкім шығарылды. Жаза тағайындалған кезде кішкентай балалары бар медбикенің қызмет барысында болғандығы және ер азаматтың ішімдікке тойып алғандығы есепке алынды", - деп мәлімдеді аудандық соттың баспасөз-қызметі. 

 Сот шешімімен кінәлі адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын тағайындалды. 

"Сот үкімі заңды күшіне енбеді. Егер айыпталушы тарап шағымданатын болса, үкім апелляциялық инстанцияда қаралады", - дейді баспасөз-қызметі. 

Естеріңізде болса,  Зубаир ауылында 10 жылдан бері мейірбике болып істейтін  келіншекті ауылдасы үйіне шақырып, ішіп алып зорлағаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары