$ 481.84  531.33  5.07

Түркістандықтың үйінен қызыл кітапқа енген бүркіт табылды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ-ның қызметкерлері бүркітті жергілікті тұрғынның заңсыз ұстап отырғанын анықтаған.

Түркістан облысында жергілікті тұрғынның үйінен қызыл кітапқа енген бүркіт табылды. Мұндай заңбұзушылық әрекетті өңірлік полицейлер «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында анықтаған.Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ-ның қызметкерлері бүркітті жергілікті тұрғынның заңсыз ұстап отырғанын анықтаған.

«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ұсталған азамат қолхат арқылы жіберілді», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары табылған бүркітті Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағына өткізген.

Айта кетейік, өңірде «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлермен 3 экологиялық қылмыс тіркелген. Оның ішінде заңсыз балық аулау мен жер қойнауын пайдалану жайттары бар. Сондай-ақ, 174 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Браконьерлерден тіркелмеген 6 дана аңшы мылтығы мен 4 центнер заңсыз ауланған балық және балық аулау құралдары тәркіленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары