Нұр-Сұлтанда килограммы 650 теңгеден сатылып жатқан шұжық бағасы бұрынғы Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке ұнамайтын секілді. Себебі ол, facebook парақшасында шұжық бағасының қайдан шығып отырғанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-министрдің пайымдауынша, шұжық құрамында еттің болатынына ешкім сенбейтін көрінеді.
"Шұжықтың 1 келісі 650 теңгеден сатылып жатыр. Оған қоса, шұжық еті халал екен. Мұның артында не жатыр? Егер шұжық әзірленетін шикізат пен еттің өзі 2-3 есе қымбат болса, бұл баға қайдан шығып отыр? Демек, шұжықта еттен басқасының бәрі бар ғой. Мұндай тауары бар ет комбинаттары қалай бәсекеге түседі? Бұл жағдай жұмыс өнімділігіне әсер ететіні сөзсіз. Ет комбинаттары қызметінің төмендігі шикізаттың жетіспеушілігіне емес, артықшылығына байланысты.
Егер сіз дұрыс шұжық жасасаңыз, ол әлдеқайда қымбатқа түседі. Ал ешкім сапаны бақылап, техникалық регламенттерді сақтауды тиісті жүргізбесе, мұндай өнімді сату мүмкін емес.
Тексерістің оңтайлы болмауы шынайы бәсекелестікті төмендетеді. Шұжықтың сауда айналымында өтпеуі мал етінің экспортына байланысты деп ойлау қателік", - деген экс-министрдің шұжық сапасына да, бағасына да наразы екені білініп-ақ тұр.