Білім орталығында оқыс оқиға орын алған соң, 180 студент қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, total.kz хабарлады.
"Бүгін сағат 11.00 шамасында Гагарин көшесі 68 мекен-жайында орналасқан Қостанай қызмет көрсету колледжінің шатыры құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнына қала әкімінің кеңесшісі барып, мән-жаймен толық танысып шықты. Шатыр 50 шаршы метр болатын аумаққа құлады",-делінген хабарламада.
Оқыс оқиғамен құзырлы органдар айналысуда. Бұл мәселе қазір қала әкімінің тікелей бақылауында екен.