$ 494.87  520.65  4.91

"Қорғас ісі" бойынша тағы бір қылмыстық топтың серкесі құрықталды

Атышулы "Қорғас ісінің" соңғы күдіктісін елге қайтару туралы мәселе қаралып жатыр. Қылмыстық топтың серкесі деп танылған азамат қазір Түркия полициясының қолында. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 22 қаңтар күні кедендегі қылмыстық топтың серкесі Е.Мәлібаев ұсталған. Ол 2007-2011 жылдар аралығында ҚХР-дан елімізге заңсыз түрде тауар тасымалдаумен айналысқан. 2011 жылдан бері іздеуде болып, Қырғызстан, Ресей, Түркия елдерінде бой тасалаған.

Естеріңізде болса, "Қорғас ісі" бойынша 31 адамға іздеу жарияланып, 30 адам ұсталған еді. Оның үшеуі БАӘ, көршілес Қырғызстан мен Ресейден екі адам елімізге қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары