$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтіріп кетті

Оқиға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтіру оқиғасы тіргеліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 қаңтарда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарласып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына 45 жастағы ер адамның іші мен мойын тұсынан пышақ жарақатымен түскенін айтты. Белгілі болғандай, зардап шегуші жеке жолаушы тасымалымен айналысқан. 

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті ұсталды. Ол Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Алайда, зардап шегуші алған дене жарақатынан 23 қаңтарда көз жұмды. Оқиға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден заттай айғақтар алынып, уақытша қамалды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#таксист