$ 443.85  474.3  4.8

Грантта оқитын студент сабақ үстінде не үшін 6 қабаттан секіруге мәжбүр болды? (ВИДЕО)

Бірнеше студент аяғына жармасып, оны тоқтатпақ болғанымен, шамалары келмепті.

Көкшетаулық студент сабақ үстінде университет ғимаратының 6-шы қабатынан секіріп кетті. Абырой болғанда, қалың қар оны аман сақтап қалды, деп жазады Sкifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

«Табиғатты пайдалану» сабағы жүріп жатқанда, екінші курс студенті өзін нашар сезінген. Өз бетімен орнынан тұрып, терезені қолымен сындырып ашады. Осы кезде курстастары тұра ұмтылыпты. Бірақ оларға бой бермеген. Бірнеше студент аяғына жармасып, оны тоқтатпақ болғанымен, шамалары келмепті. 16-18 метр биіктен құлаған ол қалың қарға құлап аман қалғанымен, іш құрылысы зақымданған. Және бет сүйегіне ота жасауға тура келіпті. Жағдайы ауыр.  Мемлекеттік грантта оқитын студенттің бұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. 

"Полицияға университеттің негізгі ғимаратының 6-шы қабатынан  адам құлап түскенін көшеде көрген куәгер хабарлады. Оның Көкшетау қаласының тұрғыны, университет студенті екені анықталды. Қазіргі оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#студент