$ 481.84  531.33  5.07

Мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған педофилге қандай жаза тағайындалғаны белгілі болды

Қылмыскердің бұл әрекеті мектептің бейнекамераларына түсіп қалған.

Таразда 12 жастағы қызды даладағы мектеп дәретханасында зорлаған кісіге қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс Жамбыл облыстық мамандырылған сотында қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

38 жастағы кісі қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (зорлау) және 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Алғашқы 5 жылын бір түрмеде өткізсе, одан кейін қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға ауыстырылатын болады.

"Жазасын өтеу орнында ішімдіктен, нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу және химиялық кастрациялау түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Райхан Ратова. 

Сотта баланың заңды өкілінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Сотталған 5 000 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтеп беруге міндетті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізде болса, оқиға былтыр 18 қарашада Тараздағы мектеп әжетханасында болған еді. 7 сынып оқушысы география пәнінен сабақ болып жатқанда дәретханаға сұранып шыққан. Сол кезде оны педофил зорлаған. Қылмыскердің бұл әрекеті мектептің бейнекамераларына түсіп қалған. Жағаұстатарлық осы жайттан кейін облыстық білім басқармасының жетекшісі, мектеп директоры мен сабақ кезінде дәретханаға жіберген мұғалім, кезекші мұғалім, вахтер мен оқу ісінің меңгерушісі қызметінен кетті. Бұл аз десеңіз, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты да қызметінен босатқан болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары