$ 481.84  531.33  5.07

«422 000 000 теңге  кеткен»: Тасмағамбетовтың қызы шұғыл ота бөлімін ашты

Аурухана дәрігерлері былтыр 1400 шұғыл ота жасаған.

Әсел Тасмағамбетованың “Сәби” қоры Семейде жедел ота бөлімін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "@sabyfoundation" Instagram парақшасына сілтеме жасап 

 Әселдің айтуынша, қазір ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталған. Семейдегі жалғыз балалар ауруханасына күрделі жөндеу 1972 жылы жүргізілген, ал жабдық 1985 жылдан бастап жаңартылмаған екен. Десе де, емделушілерге қызмет көрсетіп, жұмысын тоқтатпаған аурухана дәрігерлері былтыр 1400 шұғыл ота жасаған.

 “Сәби” қоры медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасын бастаған. Былтыр Алматыда, ал биыл Семейде ашылған екі объектінің жұмыстары үшін жалпы 422 000 000 теңге кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Тасмағамбетова белгілі саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың қызы. Әселдің күйеуі Кеңес Рақышев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі.
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары