Петропавл қаласыны соты жалған кәсіпкерлікпен айналысқан А.Мазин мен А.Речутаны мемлекетке 466 252 528 теңге шығын келтірген үшін соттады. Бұл туралы "Total.kz" хабарлады.
Белгілі болғандай, 2009-2014 жылдар аралығында екі айыпты «Фирма БрусРесурс», «Мелюр», «ТД Вадман», «Рау-ТАН» компанияларын құрып, жалған кәсіпкерлік арқылы салықтан жалтарып, мемлекет қазынасына қыруар шығын келтірген.
Екеуінің айыптарын бұлтартпаған сот А.Мазинды - 4 жылға, А.Речутаны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың дүние-мүліктері тәркіленіп, жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.