$ 445.66  474.58  4.78

Жайық өзенінің бойында қармен ойнап жүрген піл ВИДЕОға түсіп қалды

Жергілікті тұрғындар жануарды «цирктен қашып кетті» деп ойлады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Көпқабатты үйдің терезесінен қарап тұрған тұрғынның көзі қарда ойнап жүрген пілге еріксіз түсті, деп хабарлайды ridus.ru-ге сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екатеринбургте қарды көрген піл инспекторлардан қашып, қар құрсауына түсіп кетті.

Видеоны пілді көріп қалған тұрғындардың бірі түсірген.

Жергілікті тұрғындар жануарды «цирктен қашып кетті» деп ойлады, алайда оны жай өнер көрсету үшін тасымалдаған екен.

Видеодан пілдің жауған қарға шын жүректен қуанып тұрғанын байқауға болады, бірақ, піл үйретушілер оның эмоциясымен бөлісіп тұрған жоқ.

Үш адам жануарды тыныштандырып, оны көлікке жүктеуге тырысты, бірақ піл қыстың қызығын толықтай көргісі келді. Жануар қарда жүгіріп, асыр салып ойнап жүр, ал қуғыншылар оған жете алмай әлек. 

«Қалай қашып кетті? Жолдан өте салған, болды. Қуғыншылар оны ұстап алуға тырысты, бірақ ол әрекеттерінен ештеме шықпады. Ол ұстауға ниеттілерді тұмсығымен ұрады», - деп түсіндірді пілдің қашуын көрген және видеоға түсірген әйел.

Нәтижесінде қуғыншылар пілді аяғынан байлап әкетті. Осыдан кейін жануар тыныштандырылып, пілдердің жанына жүктелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары