$ 482.86  533.17  5.08

Ақмола облысында қасқырды атып өлтірген адамға жаза тағайындалды

Ізімен жүріп келіп, қашып бара жатқан қасқырды байқап, жыртқыштың бүйірінен екі рет оқ атқан.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Ақмола облысында ер адам қасқырды атып өлтірді, қазіргі уақытта облыста жыртқышты атуға мораторий жарияланған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық негізінде тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

57 жастағы Степногорск қаласының тұрғыны «Лесостепное» орман шаруашылығының аумағында қасқырды атып өлтірген. Аңшының айтуынша, орман шаруашылығында жабайы қабанның таланған денесін тапқан. Ізімен жүріп келіп, қашып бара жатқан қасқырды байқап, жыртқыштың бүйірінен екі рет оқ атқан. Қасқырдың өлгеніне көз жеткізіп, машинасының жүк салғышына салып алған.

Бұл жануарлардың популяциясының азаюына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында шектеулер енгізілген. Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында және БҚО-да, егер олар малға шабуыл жасау және жеке тұлғалардың елді мекендер аумағына кіру фактілері болса қасқырды атуға рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтардан бастап облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізілген.

"Жедел іздестіру шаралары кезінде 12 қару заңсыз айналымнан алынды. 30 қаруды алып жүру және сақтау ережелерінің бұзылуы мен 78 – аң аулау, 30 – балық аулау ережелерінің әкімшілік бұзылуы да анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары