$ 449.58  486.94  4.86

Іздеу салады: 9 жастағы бала ұшты-күйлі жоғалды

Полиция өкілдерінен бөлек, баланы іздеуге жергілікті аймақтың еріктілері де білек сыбана кірісті.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Шығыс Қазақстан облысында дүкенге кеткен бала жоғалып кетті. Оны полицейлер мен еріктілер тобы бір тәуліктен бері дамыл таппай іздестіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ШҚО-ның полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бала 24 қаңтар күні шамамен таңғы сағат 9:00-де үйден шыққан. Содан қайтып оралмапты. Қазір 9 жастағы Айдар Егізбаевты тәртіп сақшылары іздестіруде. Мектеп жасындағы оқушы Бобровка ауылында жоғалған. Еріктілердің хабарламасына сенсек, үйінен шыққан бала қайтып келмеген.

Жергілікті аймақтың полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеп табу үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл факті ШҚО Полиция департаменті басшылығының толық қадағалауында. Полиция өкілдерінен бөлек, баланы іздеуге жергілікті аймақтың еріктілері де білек сыбана кірісті.

Ескерте кетейік, жоғалған Айдар Егізбаевтың бойы 120 сантиметр, арық келген, шашы қысқа қоңыр түсті, көзі қоңыр. Үстінде жергілікті ауа температурасына сай киім бар. Мәселен, сары спорттық киім және қара түсті шалбар, бас киім және бәтеңке киген. 

ШҚО Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, "102" телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұрайды. Айтпақшы, баланың табылуына септігі тиер деген үмітпен "@volontery_semey_lider.kz" парақшасына да хабарландыру жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары