$ 482.86  533.17  5.08

Назарбаев пен Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады (ВИДЕО)

Апат салдарынан қаза тапқандар бар, 225 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Элазыг провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқанын естіп, көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағаладан табиғи апат кезінде қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығуын тілеймін!", – деп Тоқаев жеделхатында жазған.

Ал бұрынғы президент болса, «Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ, бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - деген ниетін білдіріпті.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның шығысында 24 қаңтар, жұма күні жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан қаза тапқандар бар, 225 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары