$ 446.49  475.38  4.79

«Мұрнының астында шеге»: ғашығын қызғанған мектеп оқушысы сыныптасын ұрып, камера алдында кешірім сұратқан

Таяқ жеген соң зәбірленуші баланың қаны ұзақ уақыт бойы тоқтамаған.
Фото: кадрдан скриншот
Фото: кадрдан скриншот

Жасөсірімдер төбелесіп, 11 сынып оқушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқушының жауапкершілікке тартылуына қызын қызғануы себеп болыпты. Оқиға Ақтөбеде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Евразия 1"-ге сілтеме жасап.

«Мұның себебі - қызғаныш. Сыныптасын ұрған жігіт 10 сыныптан бері қызбен жүреді. Бізге белгілісі, зардап шеккен бала сыныптас қызға SMS жазған. Ал қыз жігітіне екеуміз жай ғана доспыз деп айтқан", - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назия Елбаева.

Қызына өзге сыныптас жігіттің хат жазғанын біліп қойған әлгі бозбала, қатарласын соққыға алады. Таяқ жеген соң зәбірленуші баланың қаны ұзақ уақыт бойы тоқтамаған. Осыдан кейін, баланы ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ, ата-аналар баланың мұрнының астында шеге секілді бір заттың барын байқап қалыпты.

Фото: кадрдан скриншот

«Мұрны мен басын суретке түсірді. Денесінде бірнеше көгерген жер және аяқ киім іздері бар. Мұрны мен ерні аздап жыртылған. Дәрігерлер баламды емдеуді бастады. Олар баламның мұрнының астында тесік барын көрді», - дейді жәбірленушінің анасы.

Дереккөзіне сенсек,соққы алған баланы екі жігіт жабылып ұрған екен. Ал олардың қасында болған үшінші бала әлгілердің әрекеттерін видеоға түсіріп алған сыңайлы. Содан қыз бен жігіттің арасындағы махаббатқа кедергі жасаған "оқушыдан камера алдында кешірім сұратқан" деген қауесет тарапты. Мектеп басшылығы болса, бұл ақпаратты растамай отыр. Ата-аналар болса, әлгі видеоны көрмеген екен.

Қазіргі кезде полиция аталған факт бойынша ҚР ҚК 93-бабы «бұзақылық» бойынша іс тергеліп жатқанын айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары