$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметкерлер темір торға кірді

Өткен жылы осы басқармаға қарасты бөлім маманының пара алғаны әшкере болған. Жалпы, былтыр облыс бойынша 115 жемқорлық дерегі тіркелген.
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Қызылордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары «жүз рет ескерткенше, бір рет көрсетейік» деген ниетте шенеуніктерді шетінен түзету мекемесіне апарып жатыр. Бұл жолы табиғат қорғау және орман шаруашылығы саласының басшылары абақтының сұсты камераларын аралап, аурасын сезінді, деп хабарлайды Хабар 24.

 Өткен жылы осы басқармаға қарасты бөлім маманының пара алғаны әшкере болған. Жалпы, былтыр облыс бойынша 115 жемқорлық дерегі тіркелген.

"Сыбайлас жемқорлық жасаса қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы барлық мекемелерге брошюлар таратылды. Мысалы, пара алғанды айтатын болсақ, санкцияда 15 жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Пара бергенді көбісі білмейді. Пара беру де сондай аса ауыр қылмыс түріне жатады. Яғни, бас бостандығынан айыру көзделген", - дейді ҚР СЖҚІҚА облыстық департаментінің бас маманы Нұғман Жақұдаев. 

Осы орайда, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов болса, "Ешкімнің басына салмасын. Бірақ, ойландыратындай жағдайлар бар. Барынша мұндайға бармауға, болдырмауға жұмыс жасайтын боламыз", -  деп уәде берді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары