$ 494.87  520.65  4.91

Тырнағын кеміргенді әдетке айналдырған жігіт ауруханаға түсіп қалды (ФОТО)

Автор дәлел ретінде саусақтың суретін салған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Тырнақ кеміру әдеті Шотландия тұрғыны үшін қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Daily Mail.

Facebook-те жігіттің досы Карен Питтің айтуынша, саусағы ісіп кеткен ол Глазгодағы Корольдік ауруханаға барып дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Автор дәлел ретінде саусақтың суретін салған. «Бұл адам тырнақ кеміруді жақсы көреді», – деп жазған ол.

Ер адамды шұғыл көмек бөліміне орналастырып, паронихия диагнозын қойды. Сонымен қатар, дәрігерлер инфекция одан әрі таралып, өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті. Карен Питтің досы операциядан кейін тырнақ пластинасынан айырылған. Ол қайта қалпына келмеуі мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тырнақ