«Air Astana» авиакомпаниясы Қытайдан Қазақстанға орындауы тиіс болған туристік топтардың сапарларынан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Air Astana» әуе компаниясы ағымдағы жылғы 24 қаңтардан бастап Үрімжі қаласынан, 28 қаңтардан Бейжің қаласынан барлық туристік топтарды шегерді. Қытайдан барлық әуе билеттері айыппұлсыз қайтарылады», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қытайға әуе тасымалдарын Қазақстан тарапынан «Air Astana» және «SCAT» авиакомпаниялары, Қытай тарапынан «Air China» және «China Southern Airlines «әуе компаниялары орындайды. Барлығы аптасына 34 рейс жасалады, оның ішінде 22 рейсті отандық, 12 рейсті қытайлық компаниялар жүзеге асырады.
Министрліктен атап өткендей, қазіргі уақытта еліміздің әуежайларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ел аумағында аса қатерлі инфекцияның таралуына қарсы қажетті шаралар атқарылып жатыр. Жолаушылар арнайы стационарлық және қол тепловизорларымен тексерілуде. Әуежай қызметкерлеріне мұндай жағдайда жасалатын іс-әрекеттер мен мен қатерлі инфекция анықталған елдерден келетін жолаушылармен жұмыс істеуде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары күн сайын түсіндірілуде.
«Ағымдағы жылғы 29 қаңтарда командалық-штабтық оқу жаттығулар өткізу жоспарланған. Онда барлық мамандандырылған күштер, әуежай мен мемлекеттік органдардың күшін тарта отырып, қатерлі инфекциялардың елге таралуына қарсы әуе кемесіндегі барлық элементтер пысықталады», - деді ведомствоның өкілі.