$ 490.84  536.88  5.04

«Не істейік енді?»: Алматының орталығында Мәжіліс депутатын ұрылар тонап кетті (ФОТО)

Осы оқиғадан соң, 3 апта өтіпті, бірақ ешкім тергеу амалдарының қалай өрбіп жатқанынан хабар бермеген.
Фото: AlmaU
Фото: AlmaU

Алматыда Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі Ирина Смирнованы ұрылар тонап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Смирнова Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Алматының орталығында мені тонап кетті. Ұрылар көлігімнің терезесін сындырып, сөмкені алған. Сөмкеде аса құнды заттарым болмаған еді. Құжаттарым өзіммен бірге жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полиция шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Бірақ жанымда болғандар полиция шақыру керектігін айтты. Полицейлер тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңгіретіп тастады: "Несіне уайымдап тұрсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не істейік енді?" деп қарап тұрды", - деп жазды Ирина Смирнова.

Осы оқиғадан соң, 3 апта өтіпті, бірақ ешкім тергеу амалдарының қалай өрбіп жатқанынан хабар бермеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары