$ 448.15  483.46  4.86

2-раунд, 2 нокдаун: жеңіліп көрмеген Жүкембаевтың қарсыласы бірден есеңгіреп қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда, жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген, алайда, екінші кезеңде кездесу аяқталды.

Екінші раундта Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін Лара есін жия алмады. Осылайша, кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда, жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды.

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Жүкембаев 141,6 фунт болды, ал Лара – 139,8. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 816 грамға ауыр болды – 64,228 келі. Бірінші жартылай орта салмақта рұқсат етілген салмақ – 140 фунт (63,503 келі). Алайда, келісімшарт талаптары бойынша қарсыластар 142 фунттан (64,410 келі) аспаса болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары