27.01.2020, 11:40

Өз балаларын аяусыз өлтірген әйел ауруханада жан тапсырды

Фото: pixabay.com
Көпбалалы ананың отбасылық-тұрмыстық жағдайы нашар болмаған.

 Өз балаларын өлтіріп тастаған Пермь аймағына қарасты Кудымкара қаласының 32 жастағы тұрғыны  ауруханада көз жұмды. Ол туған балаларының жанын жаһәннамға жібергеннен кейін, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Бұл оқиға жайлы жергілікті БАҚ жазуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"59/ru" сайты "әйел жүрегі тоқтап қалу себебінен көз жұмған" деп жазды.   Адам айтса сенгісіз қайғылы оқиға 23 қаңтарда болған. Көпбалалы ана бір жасқа жетіп қалған қызы мен 5 жасар ұлын өлтірген. Осы әрекетінен кейін  өзі де өмірімен есеп айырыспақ болады. Оны  ауыр халде ауруханаға жеткізген.

Әлгі әйелдің туған перзенттерін неліктен өлтіргені туралы нақты ақпарат жоқ.

Көпбалалы ананың отбасылық-тұрмыстық жағдайы нашар болмаған. Үкіметтің қадағалауын қажет ететін отбасылардың тізімінде жоқ.