$ 494.87  520.65  4.91

Серік Ахметовтің орынбасары сүттен ақ, судан таза болып шықты

Ақталған шенеунік енді мемлекеттік қызметке қайта кіруге тырысуы мүмкін.
Фото:  коллаж Skifnews.kz
Фото: коллаж Skifnews.kz

Миллиардтаған қаржыны жымқырды деп айыпталған Қарағанды ​​облысының әкімінің экс-орынбасары Ғабит Мұхамбетов толықтай ақталды. Бұл туралы Skifnews.kz  порталы, Liter.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы Сот  Ғ.Мұхамбетовтың толықтай ақтап, сот және қадағалау органдарынан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан ақшалай өтемақы талап етуге құқылы екендігін мойындады. Үш судьяның алқасы істің кейбір тұстары жалған екендігін жеткізді.

«Сот алқасы сотталған Мұхамбетовке қатысты шығарылған үкім оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты жойылуы керек деп санайды», - деп мәлімдеді. Комиссия негізгі куәгерлер айғақтарда қателескенін ескертті.

Енді Ғабит Мұхамбетов мемлекеттік қызметке қайта кіруге тырысуы мүмкін, себебі, ол кінәлі емес. Жоғарғы Соттың шешімі жарияланғаннан бастап бірден күшіне енбек. 

Естеріңізге сала кетсек, сотталған соң төрт жылға дейін Ғабит Мұхамбетов Жоғарғы сотқа шағым түсірмеған. Ол "ақша жымқырды" деген айыппен шартты түрде жазасын өтеп жатқан болатын. Арнайы қылмыстық соттың судьясы Исламхан Есенбаев оны жалпы режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары