$ 494.87  520.65  4.91

Елордаға жауған қарды шығаруға техника жетіспей жатыр: қосымша 200 млн теңге қаржы бөлінді

Оның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты 24 қаңтардан бүгінге дейін еліміз бойынша 41 республикалық, 65 облыстық деңгейдегі жолдар жабылған.

Елордадағы жауған қарды шығаруға қолданыстағы техника жетіспейді. Сондықтан мемлекеттік резервтен 100 техника шығарылды. Жалпы, төтенше жағдай үшін қосымша 200 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы төтенше жағдай комитеті басшысының орынбасары рет Марат Көлдіков айтты, деп хабарлайды Azattyq rýhy. 

«Бұл қаржыға тек техника емес, жылыту пунктерін жасау үшін құрылатын палаткалар да кіреді. Адамдар егер елдімекендер болмаса, соның ішіне кіріп жылынады. Палаткада төсек-орын, жылыту аппараты болады»,- деді М. Көлдіков.

Оның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты 24 қаңтардан бүгінге дейін еліміз бойынша 41 республикалық, 65 облыстық деңгейдегі жолдар жабылған. 2000-ға жуық адам құтқарылған. Әзірге төтенше жағдай Нұр-Сұлтан қаласында ғана жарияланған. Қарағанды, Ақмола облыстары бұл мәселе бойынша хабарласып әлі шешім қабылдамапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары