$ 494.87  520.65  4.91

«Нұр-Сұлтан – лас қала» - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары былтырғы 2,5 миллион тонналық деңгейде қалады.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі атмосфералық ауасы ластанған негізгі қалаларды атады. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК-ның 2019 жылғы желтоқсанда жүргізген зерттеуі нәтижесінде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларында ауа ластануының өте жоғары деңгейде екендігін анықтаған. Сондай-ақ, Қарағанды, Ақтөбе, Балқаш, Теміртау қалалары да ластанудың жоғары деңгейіне жататындығы белгілі болды.

Соңғы жылдары Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Егер 2008 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ел аумағындағы үлес салмағы 8,1% болса, сол жылдың аяғында олардың үлесі 9,6%-ға жеткен де, жалпы қорғалатын аумақ 262,5 мың шаршы метрді құраған. Яғни, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 7,5% өсті. Оның 71,1% -ы – қорықтар мен қорықшалар, 11,9%-ы – табиғи қорықтар, 10,2%-ы – ұлттық парктер.

Министр Мағзұм Мырзағалиев: «2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары былтырғы 2,5 миллион тонналық деңгейде қалады. Атмосфералық ауаға жүргізілген экологиялық талдау жұмыстары 45 елді мекеннің ішінде ең ластанған қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазган және Риддер кіретінін көрсетіп отыр», - деді.

Сондай-ақ, ол қоршаған ортаға жайсыз әсер ететін факторларды азайту үшін экологиялық бақылау жүргізілетінін айтып өтті.

«11 айдың ішінде біз 1,9 мың тексеріс жүргізіп, 4,1 мың бұзушылықты анықтадық. Жұмысын тоқтату туралы сотқа 337 материал жолданды. 194 арыз қанағаттандырылды. Мемлекет кірісіне 12,5 млрд теңге өндірілді», - деген министр, 2019 жылы табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру аясында табиғат пайдаланушылардың есебінен 171 миллиард теңге бөлінгенін, оның 113 миллиарды игерілгенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары